Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолайрық құрылысына байланысты көшелердің бірі жабылады. Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Рысқұлов — Емцов қиылысындағы жолайрықта құрылыс -монтаждау жұмыстары басталды. Осыған байланысты Рысқұлов даңғылындағы көлік қозғалысының кестесіне өзгерістер енгізіледі:
1. 2021 жылдың 26 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында түнгі сағат 23:00 -ден таңғы сағат 05:00 -ге дейін Рысқұлов даңғылының батыс бағытында көлік қозғалысы шектеледі.
2. Батыс және шығыс бағыттары бойынша Райымбек даңғылымен жүру үшін Рысқұлов даңғылының оңтүстік бөлігі ашық болады.
3. Рысқұлов даңғылының бойындағы басқа көшелерде қозғалыс бұрынғы режимде жүзеге асатын болады.


Соңғы жаңалықтар