Алматыда жолаушылар метрода қамалып қалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде пойыз 15 минутқа тоқтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.


«Метрополитен» КМК баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Пойыз техникалық себептермен Алмалы мен Абай стансалары арасындағы туннельде тоқтап қалды. Қазіргі уақытта нақты себептері анықталып жатыр. Қосымша ақпарат берілетін болады. Пойыздар кестесі қалпына келтірілуде»,- деп хабарлады «Метрополитен» КМК баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, 30 мамыр күні жаңа «Сарыарқа» және «Бауыржан Момышұлы» метро станциялары іске қосылған болатын.


Соңғы жаңалықтар