15:05, 04 Маусым 2020 | GMT +6
Алматыда жолаушылар автобусы жанып жатыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көлік отқа оранды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қалалық төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданында автобустың өртенгенін растады.
Алматы қалалық ТЖД хабарлауынша, қоғамдық көлік Назарбаев даңғылы мен әл-Фараби көшесінің қиылысында өртенген.
Отқа оранған автобустың видеосы әлеуметтік желіде тарап жатыр.