Алматыда жолаушы маска тағуын өтінген автобус жүргізушісінің қолын тістеп алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жолаушы автобус жүргізушісін маска киюін өтінгені үшін тістеп алған. Әкімдік оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жолаушы мені маска тағуын өтінгенім үшін тістеп алды», – дейді жүргізуші.

Қалалық мобильділік басқармасы оқиғаның № 54 маршруттық автобуста болғанын хабарлады.

«Оқиғадан кейін жолаушы қашып кеткен. Жүргізуші полицияға арыз түсірмейтінін айтты. Барлық жолаушылардан маска режимін сақтауды сұраймыз»,- деп атап өтті басқармадағылар.

Бұған дейін қалалық мобильдік басқармасы, көлік холдингі мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінен құралған мониторинг топтары жолаушылардың санитарлық ережелерді ұстануын тексеруді қолға алғаны туралы жазған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, мониторинг тобы санитарлық ережелерді бұзғандарға айыппұл салып, шара қолдануға құқылы.


Соңғы жаңалықтар