+7 (701) 759 90 19
USD 409.19 EUR 461.24
RUB 5.67 CNY 58.26
Jańalyqtar

Алматыда Жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жоба іске асады

2020 жылғы 6 мамыр 11:01
Бөлісіңіз:
Алматыда Жол картасы аясында 214 инфрақұрылымдық жоба іске асады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 214 инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы қалалық Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Нұр-Сұлтанда жұмыспен қамтудың жол картасы аясында ең қажетті мамандықтар белгілі болды Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 130 мыңнан астам жұмыс орны ашылды Жұмыспен қамтудың жол картасы: Астанада қалай жұмысқа тұруға болады

«Бүгінгі күні конкурстық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және инженерлік-көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту жұмыстары бар. Елді мекендерді абаттандыру жобалары да назардан тыс қалмайды», – дейді Данияр Әлкебайұлы

Сонымен қатар, ол «Жұмыспен қамту жол картасы» аяқталған соң жаңадан салынған нысандарда 2 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылатынын жеткізді.

«Жол картасын іске асыру мақсатында Алматыда 26 мыңға жуық жаңа жұмыс орны пайда болады. Орташа жалақы 120 мың теңге көлемінде тағайындалады. Жұмыс орындары әсіресе құрылыс саласы бойынша ұсынылады» – деп атап өтті басқарма басшысының орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT