Алматыда жергілікті полиция бөлімшелерінің саны артты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жергілікті полиция бөлімшелерінің саны артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша, жергілікті полиция криминогендік пункттердің картасы мен патрульдік картаны жасады. Патрульдік полиция қызметкерлері жарығы жоқ көшелер мен аулалардың басты назарда ұстайды. Сондай-ақ, Бақытжан Сағынтаев жергілікті полиция бөлімшелерінің санын көбейтуді тапсырған.

«Алматы қаласы 102 әкімшілік учаскеге бөлінген, онда полиция басқармасының балансында 67 учаскелік полиция бекеттері бар.Жайлы қалалық орта басқармасының қолдауымен 6 учаскелік полиция пунктерінің құрылысы аяқталды. Қазір онда инспекторлар жұмыс істеп жатыр. Тағы да 29 учаскелек пунктке арналған ғимараттар қажет. Қала әкімдігі жалға алатын нысандарды қаржыландырады. Қылмыс картасын пайдалана отырып жасалған талдауға сәйкес қала аумағында 61 ең криминогендік учаскелер анықталды, олардың бойында патрульдік маршруттар жасалды. Талдау қылмыс орны бойынша жүргізілді. Жаяу патрульдер мен автоэкипаждардың патрульдік бағыттары көпқабатты үйлердің аулалары», - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция бөлімінің бастығы Төрехан Исин.

Сондай-ақ, ол аудан әкімдіктерімен бірлесіп, көшелер мен аулаларды жарықтандыру бойынша қосымша зерттеулер жүргізілгенін айтты. Жалпы алғанда, 81 көшеге жарық жетіспейді, 16-сы жартылай жарықтандырылды.

Көпқабатты үйлердің 65 ауласы жарықтандырылмаған. Барлық тізімдер Алматы қаласы әкімдігінің энергиятиімділік басқармасына жіберілді.

«Алматы полициясы « Қауіпсіздік визит картасы » ақпараттық жобасын іске қосты. Бұл жаяу патрульдерінің жаңа форматын тәжірибеге енгізетін материалдар топтамасы. Азаматтарға кез-келген аудандардаға патрульдік маршруттардың орналасқан жері, жасалған қылмыстар, патрульдің жеке құрамы, көшедегі жарықтандыруды жақсарту қажет жерлер туралы ақпараттар берілген », - деп түйіндеді Төрехан Исин.


Соңғы жаңалықтар