Алматыда жер сілкінісінің симуляциялық орталығы салынады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда халықты жер сілкінісіне дайындайтын симуляциялық орталық шаылдаы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматыда симуляциялық орталық құру және салу туралы шешім қабылданды. Симулятор дегеніміз не? Онда сіз 4-6 балл аралығында жер сілкінісін сезе аласыз. Бұл - мінез-құлық дағдыларын дамытудың бір түрі. Мен осындай симуляторда өзімді сынап көрдім. Мен көлденең жер дүмпуі кезінде не болатынын, тік жер қозағалысында не болатынын түсіндім», - деді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров.

Оның айтуынша, орталық бой көтеретін жер учаскесі анықталды. Қазір инвестор іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

«Менің ойымша, екі жылдан кейін мұндай симуляциялық орталық біздің Алматыда пайда болады», - деді ТЖД бастығы.

Соңғы жаңалықтар