Алматыда ЖЭО-2-ні жаңғыру тарифтерді 25-34%-ға қымбаттатады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бүгін өткен онлайн конференция барысында Алматының №2 Жылу-электр орталығы қайта жаңғыртылған соң тарифтері қаншалықты өзгеретіндігі айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда «Самұрық-Энерго» АҚ жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін жасап жатыр. Оған сәйкес ЖЭО-2 қазандықтарында көмір орнына газ жағу қарастырылған. Ол ауаға бөлінетін күкірт диоксиді, күл, тағы басқа заттардың 83%-ға (қазіргі 37 мыңнан 6 мыңға дейін) азайтуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.

Жобаның құны – 98 млрд теңге. Бұл жағдайда тарифтердің 34%-ға, 8,7 теңгеден 11,6 теңгеге қымбаттайтыны есептелді.

«Орталықта қазандықтар 12 метр төмен орналасқан. Нөлдік биіктен газ қазандығын орнату жөнінде бір жол бар. Екінші жағдайды көмірмен істейтін агрегаттарға сапалы тазалау фильтрі қойылады. Бұл зиянды бөлшектерді жылына 37 мың тоннадан 11 мың тоннаға азайтуды қамтамасыз етеді. Атап айтқанда, күкірт диоксиді 86%-ға, шаң 80%ға азаяды. Есептесек тариф 25%-ға көтеріледі. Жылу ақысын 8,7 теңгеден 10,9 теңгеге қымбаттайды», - деді комитет басшысы.

Сондай-ақ, Алматы облысы Өтеген батыр кентіндегі ЖЭО-3 да осылай жаңғыртылуы тиіс. Себебі бұл орталық ауаға шығаратын зиянды заттар ЖЭО-2-нің шығаратыныың үштен біріне тең.

Онлайн конференцияға ҚР Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов, экологиялық белсенділер қатысып жатыр.

Еске сала кетсек, жиында қаладағы екі жылу орталығының қашан газға ауыстырылатыны айтылды.



Соңғы жаңалықтар