Алматыда жемқорлықпен тиімді күрес мәселесі талқыланды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Достық үйінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен жиын өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс - шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyqalany» жобалық кеңсесінің басшысы - министрдің штаттан тыс кеңесшісі Тимур Жұмырбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев, Алматы қалалық мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті, «Almaty-Adaldyq alany» жобалық кеңсесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ҮЕҰ өкілдері қатысты.



Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Adaldyq alany» жобалық кеңсесінің қызметіне ҮЕҰ қатысу форматтары талқыланды.

Сондай-ақ қатысушылар жаңа жобалар мен идеялар төңірегінде сөз қозғады.

«Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлық - өте өзекті тақырып. Біз бұл туралы жиі айтамыз. Сондықтан, жобалық кеңселер сияқты үкіметтік емес ұйымдар да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге тікелей мүдделі. Бүгін біз үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездестік. Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа байланысты күн тәртібінде тұрған кезек күттірмейтін міндеттерді талқыладық. Бұл халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл және біздің министрліктің жобалық кеңсесімен тікелей байланыста жүзеге асырылатын нақты жобалар құру «, - деді Тимур Жұмырбаев

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар ҮЕҰ-ға құқықтық білімдерін арттыруды ұсынды. Олар сарапшылар мен тренерлерді тарту керектігін айтты. Яғни, арнайы білім алаңы болуы керек.

«Сарапшылар осы бағытта ҮЕҰ жобаларының ақпараттық жылжуын күшейту қажет деп санайды. Біз «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасына тоқталдық. Заң жобасы ҮЕҰ-дың қоғамдық бақылауға қатысуын кеңейтуге мүмкіндік береді. Біз азаматтық сектормен өзара тығыз байланыс орнатуға тырысамыз. Алайда пандемияда біз қалағандай деңгейде толық қамту мүмкін емес болып отыр «, - деп қорытындылады Тимур Жұмырбаев.



Соңғы жаңалықтар