Алматыда жеке үйде газ жарылып, бір әйел зардап шекті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда газ ауа қоспасы жарылып, әйел жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Жетісу ауданында Волочаевская 237 мекенжайындағы жекеменшік үйде болған. Газ ауа қоспасының жарылуынан үйдің қабырғалары қираған.

«4 минутта оұиға орнына жеткен өрт сөндірушілердің айтуынша, бір қабатты жеке тұрғын үйде газ ауа қоспасының атылуы болған. Жарылыс толқынынан үйдің қабырғалары мен шатыры қираған. Өрт сөндірушілер қиранды астынан 49 жастағы әйелді алып шықты. Денесін күйік шалған әйел жедел жәрдем бригадасына берілді», - деді ТЖД.

Кешкі 21:13 шамасында іздестіру жұмыстары аяқталды.

Қиранды астынан басқа адамдар табылмады.

Үй иесі жалғызілікті адам болған. Ол газ канфоркасын жабуды ұмытқан.


Соңғы жаңалықтар