Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық жедел жәрдем баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел жәрдем көлігі Райымбек даңғылымен батыс бағытта, Сайын көшесіндегі көпірден төмен түсіп келе жатып, басқа көліктермен соқтығысқан.

«Апат салдарынан жарақат алған екі адам ауруханаға жеткізілді. Ал жедел жәрдем көлігіндегі фельдшер тексерілгенен кейін үйіне жіберілді. Жол-көлік оқиғасы болған жерге жол полициясы шақыртылды. Апаттың мән-жайы зерттелуде, себептері техникалық сараптамадан кейін белгілі болады «, - деп атап өтті ведомствадағылар.

Бұған дейін, 5 сәуір күні тағы бір жедел жәрдем көлігі Сейфуллин көшесі мен Райымбек батыр даңғылында «ВАЗ 2115» автокөлігімен соқтығысқан болатын.


Соңғы жаңалықтар