Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты әлеуметтік желіде тарды. Жаяу жүргіншіні көлік әл-Фараби мен Сейфуллин даңғылы қиылысында басып кеткен.

«Бұл факт ҚРҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша Алматы қалалық ПД тергеу басқармасының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта жаяу жүргіншінің жеке басы анықталуда. Өкінішке орай, ол оқиға орнында көз жұмды», - деп хабарлады полициядан.

Соңғы жаңалықтар