+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматыда жаяу жүргіншілердің уақытша аймақтары құрылуы мүмкін

2020 жылғы 6 тамыз 11:54
Бөлісіңіз:
Алматыда жаяу жүргіншілердің уақытша аймақтары құрылуы мүмкін

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаяу жүргіншілердің уақытша аймақтарын құру мәселесін аудандық әкімдіктер мен полиция пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Он адамға «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағы берілді Медициналық сақтандыру қоры пациент құқығын қорғауға бағытталған 6 әдісті атады Екінші дүниежүзілік соғыста із-түзсіз жоғалған 600 жауынгер табылды

«Алматы қалалық Жасыл экономика басқармасы аудандық әкімдік және полиция басқармасымен бірлесе отырып, жаяу жүргіншілерге арналған аймақтарда көлік қозғалысына тыйым салу мәселесін шешуде. Бірінші кезеңде Алмалы ауданындағы ескі алаңдағы Бөгенбай батыр - Төле би - Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында көлік қозғалысына тосқауыл қою ұсынылады», - деп хабарлады қалалық Жасыл экономика басқармасы.

Еске салайық, Бақытжан Сағынтаев маусым айында Twitter-дегі парақшасында эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң уақытша жаяу жүргінші аймақтарын құру жөніндегі пилотты жобаның қолға алынатынын хабарлаған болатын.

Бірінші кезеңде Алмалы ауданының бес көшесі әр жексенбі сайын бір күнге жабылады. Жоба эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған соң ғана басталады.

Басты мақсат – көлік жүктемесін азайту. Ал қаланың басқа аудандарында жексенбі күні бір ғана көше жабылады.

Бұл маңызды іске көлік, экология, урбанистика, қала құрылысы салаларының мамандары тартылады. Олар экологиялық ахуалды жақсарту бойынша кешенді шараларды ұсыну үшін қаланың көлік жүктемесін, залалды және дыбыстық заттардың таралу деңгейін жан-жақты зерттеп, өздерінің бағаларын беретін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT