Алматыда жасөспірімдер арасында дзюдодан Әлем чемпионаты өтеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 25-29 қыркүйек күндері Алматы қаласында жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлағандай, Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне сәйкес өтетін әлем біріншілігінде 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер 16 салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Аталған әлемдік дода Алматыдағы «Балуан Шолақ» атындағы спорт кешенінде өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 71 елінен 483 жас татами шебері қатысады, деп жоспарланған.

Айта кетерлігі, дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын өткізуге Алматымен (Қазақстан) қатар, Ұлан-Батыр (Моңғолия) мен Әбу-Даби (БАӘ) қалалары үміткер болған. Аталған үміткер қалалар арасынан Алматы бәсі биік доданы ұйымдастыру мәртебесін жеңіп алды.

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жарыс кестесі:

24 қыркүйек

Жеребе тарту рәсімі – 14:00

25 қыркүйек

Қыздар – 40 кг, -44 кг

Ұлдар – 50 кг, -55 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Жарыстың ресми ашылу салтанаты – 15:20

Финалдық кезең – 16:00

26 қыркүйек

Қыздар – 48 кг, -52 кг

Ұлдар – 60 кг, -66 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

27 қыркүйек

Қыздар – 57 кг, -63 кг

Ұлдар – 73 кг, -81 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

28 қыркүйек

Қыздар – 70 кг, +70 кг

Ұлдар – 90 кг,+90 кг

Жарыстың басталуы – 10:00

Финалдық кезең – 16:00

29 қыркүйек

Mixed Teams – аралас командалық жарыс

Жарыстың басталуы – 10:00


Соңғы жаңалықтар