Алматыда жасөспірім адам өлтірді деген күдікке ілікті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда адам өлтірді деген күдікпен 15 жастағы жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 2019 жылы 30 желтоқсан күні кешкі сағат 17:10-18:00-дер аралығында 6-шағын аудандағы №3 үйдің жанында болған.

Әкесінің өлімі туралы алматылық Руслан Ақмаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Сондай-ақ ол оқиға куәгері болған « ГАЗель» автокөлігінің жүргізушісін іздейді.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, 15 жастағы күдіктінің тергеу изоляторына қамалған.

«Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК-нің 99-бабы бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кәмелетке толмағандар үшін көлік құралын жүргізу фактісі бойынша жеке әкімшілік іс қозғалды», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.



Соңғы жаңалықтар