Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен немесе «Күшіміз бірлікте» қорынан өтеледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім орынбасарының айтуынша, залалды өтеу жоғалған мүліктің құнын төлеу немесе зардап шеккен адамдарға тиесілі бүлінген мүлікті қалпына келтіру жұмыстары арқылы жүзеге асырылады.

Жоғалған мүліктің құны мемлекеттік бюджеттен немесе «Күш бірлікте» қорынан өтеледі.

Сонымен қатар, оның мөлшерін өңірлік және Қордың комиссиясы айқындайды.

«Жергілікті атқарушы органдар мен Қор қызметтерді көрсету үшін бағалау және аудиторлық компаниялардың тізбесін алдын ала айқындайды және тізбені интернет-ресурста орналастырады. Бұл ретте мүлікке бағалау мен аудит жүргізуге, смета жасауға және бүлінген мүлікті қалпына келтіру шығындарын калькуляциялауға байланысты қызметтерге ақы төлеу әкімдікке немесе Қорға жүктеледі», - деп атап өтті Ілияс Өсеров.

Мүлік құнын өтеу мөлшері мүлікті қалпына келтіру үшін қажетті шығыстар мен арзандату мөлшерін негізге ала отырып анықталады.

Алматы әкімінің орынбасары жылжымайтын мүлікті жөндеу шығындарын сметамен немесе оны қалпына келтіру шығындарының калькуляциясымен растау қажеттігін атап өтті.

Көлікті айдап әкету жағдайларына келетін болсақ, олар 2022 жылғы қаңтардағы жекелеген өңірлердегі тәртіпсіздіктер нәтижесінде жойылып кеткен көліктерді қоспағанда, қылмыстық заңнама шеңберінде тергелуде.


Соңғы жаңалықтар