Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде құрылыс дүкенін тонаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әуезов аудандық полиция басқармасы хабарлағандай, 41 жастағы азамат ірі құрылыс супермаркетін тонауға қатысқан. Күдікті жауап алу кезінде бұл фактіні мойындады.

Оның жеке көлігін тінту кезінде тонау нәтижесінде ұрланған құрылыс материалдары мен құралдар табылды. Айғақты заттар тәркіленіп, ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына тіркелді. Күдікті қамауға алынды.

Бұған дейін Алматының қақ ортасында қару ұстаған 2 ер адам ұсталған.

Олардың қару-жарақ дүкендерін тонауға қатысқаны белгілі болды.


Соңғы жаңалықтар