Алматыда жанармай бекетіндегі өрт толық сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 10:16-да Алматы қалалық ТЖД орталық диспетчер бөліміне Алатау ауданы, Рысқұлов даңғылы, 103 «ж» мекенжайында жанар-жағармай құю бекеті жанып жатыр деген хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бригадасы бірден сол жаққа атанды. Оқиға орына келген өрт сөндірушілер жалпы ауданы 110 шаршы метрді құрайтын қызмет көрсету стансасының жанып жатқанын көрген. Бірден өшіруге кірісті. Өрт сағат 10:32-де оқшауланды. Сағат 10:56-да толық сөндірілді. Қазіргі уақытта оқиға орнында 43 қызметкер және 11 техника жұмыс істеуде», - дейді Алматы қалалық ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов.

Еске салайық, бүгін Алматыда жанармай құю бекетінде өрт шыққан болатын.

Соңғы жаңалықтар