Алматыда жаңа форматтағы кітапханалар ашылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың кітапхана желісін қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кітапханалар кітаптар сақталатын орын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық кеңістікке айналуда. Оған мысал Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасы, модернизациялаудан өткен соң, ол ежелгі кітаптар мен электронды кітаптарды оқитын заманауи орталыққа айналды. Мұнда күн сайын 500-ден 1500 дейін оқырман келеді. Олар негізінен 14-29 жас аралығындағы жастар», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Іnstagram-парақшасында.

Таяу уақытта қалада модернизациялаудан өткен бес кітапхана ашылады деп күтілуде. Олар: №15 (Земнухова көшесі, 44), №20 (Шәріпов көшесі, 66), №24 (Айнабұлақ-3 ықшамауданы, 174 үй), №32 (Достық даңғылы, 42Б), №33 (Төле би көшесі, 160).

«Интернетке еркін қолжеткізу, мол кітап қоры сапалы білім алуға және жайлы жағдайларда диплом немесе диссертация жазуға мүмкіндік береді. Заманауи кітап орталықтары тақырыптық кездесулер мен шеберлік сыныптарын өткізетін орындарға айналады», - деп жазды әкім.


Соңғы жаңалықтар