Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда зардап шеккен кәсіпкерлерге 3 млрд теңгеден астам қаржы төленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, шағын және орта бизнес субъектілеріне мүліктік залалды анықтау жөніндегі аймақтық комиссия отырысында кәсіпкерлердің жалпы сомасы 827,8 млн теңгеге 135 өтінімі мақұлданды.

Оның ішінде 718,1 млн теңге сомаға 80 өтінім бюджет қаражаты есебінен, 109,7 млн теңгеге 55 өтінім «Жаңа Алатау» қайырымдылық қорының қаржысынан төленді.
«Алматы қаласы бойынша (комиссия жұмысы басталғаннан бері) барлық кезеңде 3 140,4 млн теңге сомаға 890 өтінім мақұлданды, оның ішінде бюджет қаражатынан 2 275,8 млн теңге сомаға 459 өтінім, «Жаңа Алатау» қорының қаражысынан 864,6 млн теңге сомаға 431 өтінім»,- делінген хабарламада.
Алматыда тәртіпсіздік барысында жалпы сомасы 34,3 млрд теңгеге 1 413 ШОБ субъектісі зардап шекті. «ИнфоКазахстан» электронды платформасына кәсіпкерлерден 2 700-ден астам өтінім келіп түсті.

Соңғы жаңалықтар