Алматыда заңсыз жүрген 58 шетел азаматы елден қуылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда елден шығару туралы сот шешімін орындамаған Өзбекстан азаматтары ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыда «Келімсек» алдын алу шарасы өтіп жатыр. Рейд барысында 37 жастағы өзбекстандық азамат ұсталды.

Ол Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен жыл басында ҚР ӘҚбК 517-бабы 4-бөлігі бойынша бес жыл мерзімге әкімшілік жолмен елден шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапқа тартылған болатын.

«Алайда, бұл талапты ол орындамады, содан кейін сот Қазақстан аумағынан мәжбүрлеп шығару және қозғалыс еркіндігіне шектеу қою туралы шешім шығарды», - дейді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «Келімсек» шарасы басталған алты күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 1295 адам әкімшілік жауапқа тартылса, оның 1 036-сы – шетел азаматтары.

58 шетел азаматы елден шығарылды.

Сонымен қатар, заңды елемеген қандастарымызға қатысты да әкімшілік шара қолданылды.

«Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында жүріп-тұру заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қабылдамағаны үшін 235 адам жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережесін бұзғаны үшін 24 жұмыс берушіге айыппұл салынды», – деп түйіндеді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасы бастығының орынбасары Геннадий Мен.


Соңғы жаңалықтар