+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Алматыда заңсыз еңбек етіп жүрген 37 мигрант ел аумағынан шығарылды

2021 жылғы 28 қазан 14:10
Бөлісіңіз:
Алматыда заңсыз еңбек етіп жүрген 37 мигрант ел аумағынан шығарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы полиция департаментінің қызметкерлері заңсыз көші-қонмен күреске бағытталған алдын алу іс-шарасы барысында 37 шетел азаматын анықтап, республика аумағынан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін сот шешімімен елден Тәжікстанның 37 азаматы қуылды.

«Қазақстандағы Тәжікстан Республикасының консулдығының көмегімен Алматы полиция департаменті құқық бұзушы шетелдіктерді Өзбекстанмен мемлекеттік шекараға дейін жеткізуді ұйымдастырды. Бұл үшін көп орындығы бар автобус бөлінді. Консулдық кейбір адамдарға отанына оралу туралы куәлік берген болатын. Бұл біздің бірінші тәжірибеміз емес, осыдан үш ай бұрын дипломатиялық қызметтермен бірлесіп Өзбекстан Республикасының 20-дан астам азаматын Отанына жеткізу ұйымдастырылған», – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Алматыда осы күндері заңсыз көші-қон арналарын, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа орналастыру фактілерін анықтау мақсатында «Келімсек» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.

«Іс-шараның тоғыз күнінде көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1 146 шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды. 47 шетел азаматы елден шығарылды. Шетелдіктердің Қазақстанда болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 355 тұлға жазаланды. Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзғаны үшін 28 жұмыс берушіге айыппұл салынды», – деп қорытындылады Асхат Бутунчинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT