+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Алматыда зағип жандар үшін оқулық шығаратын баспахана ашылады

2021 жылғы 12 маусым 18:17
Бөлісіңіз:
Алматыда зағип жандар үшін оқулық шығаратын баспахана ашылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласында көру қабілеті нашар жандарға арналған оқулық шығаратын баспахана іске қосылады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Еліміздің ең маңызды резерві – адами резерв. Мұны Тәуелсіздіктің ең бірінші күнінен бері Елбасымыз және қазіргі Президентіміз де айтып жүр. Сондықтан сіздерге еңбек жолдарыңызда да, өмірлік жолдарыңызда да жақсылық тілеп, кәсіби қабілеттеріңізді еліміздің көркеюінде көрсетуге ниет қыламын. Мәдениет, спорт, туризм саласы – қоғамның ең ерекше салалары деп ойлаймын. Мәдениеттің деңгейі – жалпы ел мен қоғамның деңгейін көрсетеді. Елімізде ең бірінші күннен бастап «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты үлкен бағдарламалық мақалалар шығып, мәдениетіміздің әртүрлі салаларда дамуына үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз», - деді А. Райымқұлова елордада өткен Президенттік жастар кадрлық резервтерінің форумында.

Сонымен қатар, министр зағип жандарға арналған жаңа баспахананың жұмысы туралы айтты.

«Ерекше күтімді талап ететін жандарға жағдай жасау қашанда маңызды бағыттардың бірі. Мәдени-ағарту саласына келсек, бүгінде елімізде көру қабілеті бұзылған жандарға арналған 17 кітапхана бар. Өкінішқе қарай, егемендік алғалы 30 жылдың ішінде зағип жандарға арналған бірде бір қазақша не орысша оқулық жарық көрмепті. Ресейде бар, оның құны 30 мың теңге тұрады. Осы орайда Үкімет Алматыда Брайля қарпі бойынша зағип жандарға арналған кітап шығаратын баспахана ашу туралы шешім қабылдады. «Ел рухы» ұлттық жобасы аясында ауқымды шаралар қолға алынып жатыр. Қазіргі уақытта Қастеев атындағы көркемөнер галереясында ғана көру қабілеті нашар азаматтар үшін жағдай жасалған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында алдағы 5 жылда 52 мәдени-ағарту ұйымын есту және көру қабілеті нашар жандарға арналған құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз», - деді ол.

Айта кетсек, бұған дейін отандық автор, Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесінің зағип жандарға арналған аппаратты ойлап тапқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT