Алматыда үй карантинін бұзған 412 адамға айыппұл салынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда үй карантинін бұзған «қызыл» мәртебесі бар 412 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аshyq арқылы 14 күндік үй карантинін бұзған 412 алматылық әкімшілік жауапқа тартылды және айыппұл (30 АЕК) төледі», - деп хабарлады санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен.

COVID-19 үшін ПТР тесті оң нәтижесін берген алматылықтар қоғамдық орындарға барып, «ASHYQ» бойынша жұмыс істейтін нысандарда-ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталықтар, әуежай, кинотеатрлар, компьютерлік клубтар, бассейндер және тағы басқа нысандардың қызметтерімен пайдалануға тырысты.

Өзін-өзі оқшаулау режимін бұзатын тұрғындар медициналық ұйым, әлеуметтік сала, білім беру, кеңсе ұйымдары, банктер, сауда, қаржы нарығы, әлеуметтік қызметтер, қоғамдық тамақтану және басқа да нысандардың қызметкерлері екені анықталды.

Сонымен қатар, «ASHYQ» жобасының қатысушыларына Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық келушілерді сканерлеу қажеттілігін еске саламыз.

«Қызыл» мәртебедегі адамдар Ashyq жобасы бойынша жұмыс істейтін нысандарға кіргізілмейді.

Құқық бұзушылардың толық тізімін мына жерден табуға болады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті амбулаторлық ем алып жатқан азаматтарды өзін-өзі оқшаулау режимін бұзбауға және қоғам алдында азаматтық жауапкершілікті ұмытпауға шақырады.

Жұқтырғандармен байланыста болған адамдар да өзін-өзі оқшаулау режимін сақтауы және басқа адамдардың жұқтыруын болдырмау үшін адамдар жаппай жиналатын орындарға барудан бас тартуы тиіс.


Соңғы жаңалықтар