Алматыда үш автобус соқтығысып, 7 адам жарақат алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жолаушы тасымалдайтын 3 автобус соқтығысып, 7 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол апаты Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында болған.

Салдарынан 7 жолаушы зардап шекті. Олардың жағдайы туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсінік берді.

«Зардап шеккендердің төртеуі - жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасына, үшеуі - №5 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер барлық науқасты тексеріп, қарап шықты. Ешқайсысының өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Сондықтан барлығы амбулаториялық ем алуға жіберілді», - деп мәлім етті қалалық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.


Соңғы жаңалықтар