Алматыда үнді штамының пайда болуына байланысты ревакцинация қажет пе

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин «үнді» штамының пайда болуына байланысты ревакцинация қажет пе, жоқ па?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ревакцинация мәселесі көтерілген жоқ. Өйткені «Спутник V» вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штамдарды инфекциядан қорғайды. Бұл туралы вакцина әзірлеушілердің ресми мәлімдесі бар. Сонымен қатар QazVac вакцинасы үнді штамына төтеп бере алады», - деді Жандарбек Бекшин брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда коронавирус инфекциясын қайта жұқтырудың 32 жағдайы тіркелген. 360 мыңнан астам адам вакцина алды.

«Қалада инфекцияны қайта жұқтырудың 32 жағдайы тіркелді. «Спутник V» вакцинасының тиімділігі 92% көрсетті. Иммунитеттің қалыптасуы адамның ағзасына байланысты. Бірінде иммунитет бар, енді бірінде әлсіз», - деп қосты ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда 37 жастағы үй шаруасындағы әйелден коронавирустың үнді штамы табылғанын айтқан болатын.


Соңғы жаңалықтар