Алматыда ҰБТ тапсыру пункттерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда ҰБТ тапсыру барысында эпидемиологиялық жағдай қатаң сақталады. Бұл туралы онлайн брифинг барыснда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті білім және тәрбие объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Дина Суханберлиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басты мақсат – эпидемиологиялық жағдай бойынша Алматының «қызыл» аймақта болуы аясында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермей, ҰБТ өткізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дина Суханберлиеваның айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тест өткізілетін ғимараттарда зертханалық-аспаптық зерттеуді аяқтады.

«ҰБТ өткізу пунктінде дайындық жұмыстары жүргізілді: іргелес аумақты, ғимараттың ішкі жағына тазалық жұмыстары жүргізіліп, жарықтандыру аспаптары, желдету жүйесі тексерілді, медициналық пункт дайындалды. Оқушылар мен қызметкерлердің жеке гигиенасын сақтау үшін жағдайлар жасалған. Ауыз су режимі ұйымдастырылған, оқушылар көлемі 0,5 л бөтелкедегі сумен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар қосымша су диспенсерлері орнатылады»,-деді ол.

Сонымен қатар, ол оқушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жарақтармен және дәрі-дәрмектермен жабдықталған медициналық пункт жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ жедел медициналық көмек бригадасының кезекшісін, аймақтық емханалардың дәрігерлерін тарту көзделген.

«Санитайзер, тепловизор, дезинфекциялық ерітінділермен және аяқ киімге арналған кілемшелер, бактерицидті шамдар, ауа рециркуляторлары, пайдаланылған маскаларға арналған урналар, әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін кіреберістің алдында және ғимарат ішінде белгілеу бәрі қамтылған. Аудиторияларда кондиционер, қабырға сағаттары, бейнебақылау камералары және бейнетіркегіштер қойылды», - дейді Дина Суханберлиева.


Соңғы жаңалықтар