Алматыда «Тұйық су» шатқалындағы шыршалар өрттен құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық өрт сөндірушілер «Тұйық су» шатқалындағы шыршаларды өрттен қорғап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінші, 14 қазан күні сағат 12:01-де «101» пультіне «Шымбұлақ» тау шаңғы курортынан жоғары орналасқан «Тұйық су» шатқалындағы (Керей – Жәнібек хандар көшесі) өрт туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Медеу ауданының өрт сөндіру есептері жіберілді. Өрт сөндірушілер келгенде ағаштан салынған бір қабатты үй ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады. Өрттің жақын орналасқан шыршаларға таралу қаупі туындады. Қабылданған шаралар арқылы қызыл жалын сағат 12:45-те сөндірілді. Жақын маңда өсіп тұрған шыршаларға өрттің таралу қаупі жойылды»,– деді департаменттен.

Жалынмен күреске 13 өрт сөндіруші, 3 техника жұмылдырылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.

Белгілі болғандай, аталған үйде альпинистер болған. Олар 14 қазан күні таңертең шығып кеткен. Ал түс кезінде өрт туралы хабарлама жеткен.


Соңғы жаңалықтар