Алматыда «Тұйық су» шатқалынан шыққан өрт сөндірілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Тұйық су қақпасы шатқалында болған өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

14 қазанда 101 пультінде Тұйық су қақпасы шатқалында Жәнібек пен Керей көшелерінде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Оқиға орнына Медеу аудандық өрт сөндірушілері шықты. Ол жерде 1 қабатты ғимарат өртенген. Тілсіз жаудың шыршаларға шабу қаупі туды. Қолға алынған шаралардың арқасында өртті 12:45-те ауыздықтау мүмкін болды. Шыршаларға от тиген жоқ», - деді қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.

Өртті сөндіруге 13 өрт сөндіруші, 3 техника жұмылдырылды.

Қызыл жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған. Бұл ғимаратта бұрын альпинистер тұрған.


Соңғы жаңалықтар