Алматыда топ болып футбол матчын тамашалағандар жауапқа тартылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жабылып футбол матчын тамашалағандар әкімшілік жазаға тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Поиция департаментінің хабарлауынша, бірнеше адам «Football Land» дәмханасында футбол матчын тамашалап отырғанда полиция тексеріп келген.

«Дәмхана басшылығы карантин талаптарына қарамастан жауапсыздық танытып, көп адамның бір жерде жиналуына жол берген. Шағын футбол алаңында 20 адам ойын ойнаған, 50 шақты адам жаздық алаңда отырып футбол тамашалаған. Келушілердің барлығы маска тақпаған. Әлеуметтік қашықтық сақталмаған», – деді ПД басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘқбК 425-бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, Түрксіб аудандық полиция басқармасына жеткізілді.


Соңғы жаңалықтар