Алматыда тез жанатын сұйықтық құйылған цистерналар рельстен шығып кетті

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда тез жанатын сұйықтық құйылған екі цистерна рельстен шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

«14 қазан күні кешкі сағат 17:53-те Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарының қызметі - 2 бірлік техника, жеке құрамының 12 адамы Түрксіб ауданы, Ахметов көшесі, 47 ғимаратының жанындағы теміржол жолдарына шақыртуға жіберілді, белгілі болғанындай цистерналар темір жолдан шығып кеткен, алайда аударылған жоқ. Тез тұтанатын сұйықтықтар жанған жоқ»,- деп хабарлады ведомстводан.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.


Соңғы жаңалықтар