Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету станциясында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 шілде күні сағат 11:33-те «101» пультіне Наурызбай ауданы Райымбек даңғылы 548/2 мекенжайында жұмыс істемейтін техникалық қызмет көрсету өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Бірінші бөлімшелер келгенде жалпы ауданы 220 шаршы метр болатын бір қабатты бос ғимараттың шатыры жанып жатқан. Күштер мен құралдар шақыру дәрежесі бойынша тартылды. Өрт орнында штаб құрылып, батыс және оңтүстік-шығыс жағынан екі өрт сөндіру учаскесі ұйымдастырылды.

«Сумен жабдықтау көздерінің қашықтығына байланысты өрт сөндіру автопойызы іске қосылды, магистральдық желілер тартылып, осылайша үздіксіз сумен жабдықтау қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру көп қабатты шатырдың құрылымдық ерекшеліктерімен күрделене түсті: бетон плитасының үстіне таушайырлы мастикасы төселді, оның үстіне ағаш жәшікке металл шифер орнатылды. Өрт сөндірушілер шатырды апаттық-құтқару құралдарымен ашты, екі өрт автосаты іске қосылды. Өрт бір сағат ішінде 12:39-да ауыздықталды, 12:47-де сөндірілді, құрылымдарды бөлшектеліп жатыр. Қабылданған шаралар арқылы көршілес тұрған екі боксты қорғауға мүмкіндік туды», - деп атап өтті ТЖД.

Өртті сөндіруге 12 техника мен жеке құрамның 40-тан астам адамы тартылды. Зардап шеккендер жоқ.



Соңғы жаңалықтар