Алматыда тауға шығатын туристерге ескерту жасалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райына байланысты тауға шығатын туристерге ескерту жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Синоптиктердің болжамынша, 8-10 қазанда Алматы тауларында түнде және таңертең тұман түседі.

Соған байланысты алматылық құтқарушылар тауға баратын туристерге қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес берді.
«Ең алдымен ыңғайлы киім мен аяқ киімді таңдаңыз. Өзіңізбен бірге алып жүруге керек заттардың ішінде міндетті түрде: жылы заттар, ұялы телефонға қосымша қуат көздері, шам және от жағуға арналған құралдар болуы керек. Сондай-ақ GPS навигаторын өзіңізбен бірге алған жөн», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ келесі кеңестерге құлақ асуға шақырды:
- Тауға шықпас бұрын ықтимал қауіптерді мұқият бағалау керек, ауа райы жағдайлары мен кедергі келтіретін жағдайларды ескеру керек;
- тұманға немесе тәуліктің қараңғы уақытына тауға шықпау керек;
- қауіпті жартасты учаскелерді тек аса қажет болған жағдайда, қауіпсіздік және сақтандыру ережелерін қатаң сақтай отырып, еңсеру керек;
- бос жатқан тастармен беткейлер мен ойықтардан өтпеңіз.
- жалғыз топтан қалып қалмай, тек топпен бірге қозғалуыңыз керек;
- қатты жаңбыр немесе бұршақ жауған кезде жабық жерге барып, жауынның тоқтауын күтіңіз.


Соңғы жаңалықтар