Алматыда таудан табылған әйелдің денесі кімдікі екені белгісіз - ТЖК

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар комитеті Алматы тауларынан табылған әйел денесіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мұның алдында қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәйіттің Әсел Панарғалиева екенін растаған болатын.

«Әсер Панарғалиеваға қатысты айтарымыз, таудан бір әйелдің денесі табылды. Алайда ол Әсел ме, әлде басқа әйел ме - тап басып айта алмаймыз. Тек тұспалдап қана айта аламыз. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ТЖК баспасөз қызметінен.

Әйелдің денесі Үлкен Алматы көлінің қасындағы Космостансадан табылған. Қазір полиция қыздың неден қайтыс болғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындады.

Айта кету керек, 26 жастағы қыздың жоғалғаны 10 қараша күні белгілі болды. Ол тау туризмімен айналысып жүрген. 9 қараша сағат 13:00 шамасында ол Үлкен Алматы (Жосалы) көлінде түскен фотосын әлеуметтік желіге жариялаған. Одан кейін байланысқа шықпаған. Қыздың 9 қараша күні Космостанса ауданында таудан түсіп келе жатқанын адамдар көрген.

Іздестіру жұмыстары ешқандай нәтиже бермеген соң Әсел Панарғалиеваның туыстары ол туралы кез келген ақпаратқа ақшалай сыйақы берілетінін жариялады.

Еске салайық, былтыр 19 тамызда осыған ұқсас қайғылы жағдай болған еді. Қазақстандық 3 альпинист Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғызстандағы Тянь-Шань тауында із-түзсіз жоғалып кеткен. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев парақшасында жазды.

23 тамызда ауа райының қолайсыздығы мен көшкін қаупіне байланысты құтқару командасы альпинистерді іздеуді тоқтатқан болатын.


Соңғы жаңалықтар