Алматыда тауда құлаған турист құтқарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда «Кімасар» асуында жарақат алған турист қыз құтқарылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағы мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Бір қыз, бір жігіт Фурманов шыңына бет алған. Жолда турист қыздың аяғы тайып кетіп, құлап арқасын ауыр жарақаттап алған. Олар бірден құтқару қызметіне хабарласқан.

ҚР ІІМ ТЖК республикалық жедел құтқару жасағынан бөлек құтқару жұмыстарына Алматы қалалық Құтқару қызметі қосылды.

Екіге бөлінген құтқарушылар жарақат алған туристі бірден тапты. Бойжеткенге медициналық көмек көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар