Алматыда тау бөктерінде 35 см қар түсті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жауған жауынның арты қарға ұласты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеше түнгі 03.50-де басталған жауын-шашынның артынан 9.00-де таулы және тау бөктерлеріндегі аймақтарға 15-35 см, ал қалаға 3-10 см қар түсті.

Қаланың жоғарғы бөлігінде көктайғақтың алдын алу үшін қар жауа басталысымен көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қар сыпыру басталды.

Қала орталығында көктайғаққа қарсы материалдар таңғы сағат 7.00-де себіле бастады.

1120 тонна көктайғаққа қарсы материал пайдаланылды.

Тротуарларды, жүргінші аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, тұрақ қалталарын қардан тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.

Қар тазарту жұмыстарына 545 техника, оның ішінде 190 құмлақтырғыш пен 1492 жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылайтын кезекшілік тәулік бойына ұйымдастырылды.


Соңғы жаңалықтар