Алматыда тапшы дәрілерді сатқан дәрігер ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы облысы аудандарының біріндегі ауруханада халыққа тапшы дәрілерді сатқан жансақтау бөлімінің меңгерушісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласының криминалдық полициясына жедел ақпарат келіп түсті. Осыдан кейін дәрігер Райымбек пен С.Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы арнайы іс-шара кезінде ұсталды. Жеке тексеру барысында «Севофлуран», «Цефтриаксон», «Меобактрин», «Альбунорм», «Неоцитотект», «Октагам», «Архимакс», «Меропенем», «Годовист» және «Пропофол» сияқты 90 флакон дәрі алынды», –деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Снымен қатар, іздестіру шаралары кезінде дәрігердің бұрын сатылған дәрі-дәрмектерден түскен 1 млн 370 мың теңге анықталған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар