Алматыда тапанша ұстап жүрген ер адамның кім екені анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда тапанша ұстап жүрген ер адамның кім екені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

Қолына тапанша ұстаған ер адамның видеосы әлеуметтік желілерде пайда болды. Бейнежазбада оның Үлкен Алматы каналы, Солтүстік айналма жолының аумағында түсірілгені айтылған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері видеодағы ер адамның кім екенін бірден анықтады. Ол 1992 жылы туған Ш. есімді азамат. Ол бұзақы ретінде полиция есебінде тұрған және ішімдікке салынған.

«Тексеріс барысында күдіктінің қолында ойыншық тапанша болғаны анықталды. Сондай-ақ, Ш. есімді азаматты видеоға түсіріп жатқан кезде ол мас болған. Онымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді», - деп түсіндірді Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар