Алматыда таксист жерасты жолына түсіп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда автокөлік жерасты жолына түсіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде таралған сурет көпшіліктің назарын аударды.

Полиция депаратментінің хабарлауынша, бұл оқиға бүгін Әуезов ауданында болған.

«Toyota Camry жүргізушісі адам тасымалдаумен айналысқан. Клиентті күтіп тұрған ол көлікті қол тежегішіне қоюды ұмытып кеткен. Абырой болғанда, көлікті тоқтатып үлгерді. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жерасты жолы азғана зақымданған. Іс материалдары сотқа жіберіледі», - деді ПД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар