+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Алматыда такси жүргізушісі мен жолаушы жаға жыртысты

2020 жылғы 21 ақпан 22:13
Бөлісіңіз:
Алматыда такси жүргізушісі мен жолаушы жаға жыртысты

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Сайран автобекеті маңында такси жүргізушісі мен жолаушы жанжалдасып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда жасөспірімдер топ болып төбелесті Мәскеудегі төбелес: Қазақстандық студенттердің өкілдері ҚР Елшілігіне көмек сұрап жүгінбеген Ақтөбеде мейрамханада төбелескендер ұсталды

Видео әлеуметтік желіде таралды. Қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, такси жүргізушісі мен жолаушы жолақысына қатысты келіспей қалған.

Сөз таластың арты төбелеске ұласқан. Алайда полицияға ешкім жүгінбеген.

«Учаскелік инспектор сол кезде дау туған жерде болған. Дау екеудің жолақы көлеміне байланысты шықты. Төбелестен соң екеуі де аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазір учаскелік инспектор материал жинап жатыр. Содан соң екеуінің іс әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді қалалық ПД-ның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетсек, мұның алдында алматылық жүргізушілердің төбелесі туралы жазған болатынбыз. Олар жанармай құю бекетінде кезекке таласып қалған.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT