Алматыда тағы қандай көшелерде автобус жолағы пайда болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тағы 5 жол учаскесінде автобус жолағы пайда болады. Бұл туралы Қалалық мобильділік басқармасы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қоғамдық көлік жолақтары

1. Құлжа тас жолының Рысқұлов даңғылынан Халиуллин көшесіне дейінгі аралығында;

2. Халиуллин көшесі мен Тәтібеков көшесінен бастап Райымбек даңғылының Жангелдин көшесіне дейінгі аралығында;

3. Момышұлы көшесінің Төле биден Мөңке би көшесіне дейінгі аралығында;

4.Сүйінбай көшесінің Хмельницкий мен Райымбек батыр көшесі аралығында;

5. Солтүстік айналма жолының Рысқұлов пен Москвин көшелерінің аралығында пайда болады;

«Биыл ұзындығы 200 шақырым 283 көшеде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде 60 шақырымдық 91 көшеде жөндеу жұмыстары аяқталды», - деді Қалалық мобильділік басқармасы.


Соңғы жаңалықтар