Алматыда тағы бір әйел көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тағы бір әйел көпқабатты тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секіріп кетті. Қайғылы оқиға Жетісу ықшам ауданында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы полиция департаментінде мәлімдегендей, 1995 жылы туған Т. есімді әйел тұрғын үйдің бесінші қабатынан секірген. Әйел тірі, қазір ол ауруханаға жатқызылды.
Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында әйелдің улану үшін дәрі-дәрмектер ішкені анықталды. Оның бұл жағдайға бару себебі ерлі-зайыптылар арасындағы ажырасу процесі болуы мүмкін.
«Оқиғаның толық деректері анықталуда. Аталған факті ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді»,- деді полиция департаменті.
Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында әйелдің жағдайы тұрақты ауыр екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, мұндай жағдай Алматыда бірінші рет болып тұрған жоқ. Осыған дейін біз Алматыда жас қыздың көпқабатты тұрғын үйден секірді.
«Жетісу» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің бірінде әйел алдымен үш баласын лақтырып, кейін өзі 9-қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар