Алматыда сыртқы қаптамасы опырылған үйде жөндеу жұмыстары аяқталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАпарат – Алматы әкімдігі сыртқы қаптамасы опырылып түскен көпқабатты үйде жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы Жайлы қалалық орта басқармасының хабарлауынша, қасбеттің жылылау қабаты мен қабырға арасына жауын суы өткен.

«Жауын суы қыста тоң болып қатып, қабырға мен жылылау қабатының арасын ыдыратып жіберген. Қалалық Жайлы орта басқармасының мамандары минералды плитаны толығымен алып тастап қайтадан жүргізіп шықты. Сонымен қатар қабырғалар құрылыс нормасына сәйкес қапталып, боялды. Сондай-ақ, суағардағы ақаулар жөнделді. Барлық жөндеу, қалпына келтіру жұмыстары 10 күн ішінде аяқталды», - деді басқармадан.

Айта кету керек, Зерделі шағын ауданының тұрғындары қабырғасы опырылған №36 үйдің видеосын әлеуметтік желіде таратқан болатын.


Соңғы жаңалықтар