Алматыда Сүйінбай көшесінде көлік қозғалысы шектеледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Сүйінбай көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық мобильдік басқармасының мәліметінше, уақытша жабылған көшенің бір бөлігінде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

«18 – 23 маусым аралығында түнгі сағат 22:00 -ден таңғы сағат 06:00-ге дейін Сүйінбай көшесі Рысқұлов даңғылынан Райымбек даңғылына дейін көлік қозғалысы уақытша ішінара шектелетін болады»,- деп хабарлады Алматы қалалық мобильдік басқармасы.

Басқарма келтірілген қолайсыздық үшін алматылықтардан кешірім сұрайды.

Сонымен қатар, жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.


Соңғы жаңалықтар