Алматыда супермаркет азық-түлік бағасын негізсіз көтерген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құзырлы органдар әлеуметтік маңызы жоғары азық-түлік бағасы негізсіз көтерілмеу үшін сауда үйлері мен базарлар, дүкендерді бақылап отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жүргізілген мониторинг нәтижесіне сәйкес, қалада «Carre Food» сауда желісіндегі азық-түлік бағасы негізсіз қымбаттаған. Мұндай жағдайда сауда нысаны әкімшісі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді», - деді Әуезов аудандық әкімдігінен.

2020 жылдың 1 желтоқсанынан қарақұмық жармасына 90 күнге 361 тг/кг (на 1,4%) шекті баға белгіленген. Сонымен қатар 30 желтосқаннан бастап қанттың 1 келісіне 30 күнге 254 теңге шекті баға белгіленген.

Аудандық әкімдіктер қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасымен тығыз байланыста жұмыс істейді.

«Мәселен, ірі сауда орындары жергілікті бюджет есебінен қарыз алып, белгілі бір уақытқа азық-түлік бағасын шекті бағада ұстап тұруға міндеттеледі. Біз өз кезегімізде баға бірден шарықтап кетпеуін қадағалаймыз. Сонымен қатар, ірі сауда орындарына арзан бағада жеткізетін жеткізушілер тізімінен алуды ұсынамыз», - деді әкімдіктен.


Соңғы жаңалықтар