+7 (701) 759 90 19
USD 425.02 EUR 498.17
RUB 5.85 CNY 65.85
Jańalyqtar

Алматыда субурқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді

2021 жылғы 20 маусым 15:14
Бөлісіңіз:
Алматыда субурқақта балаларды тоқ соқты: Әкімдік мән-жайды түсіндірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақ мемлекеттік циркі ғимаратының жанындағы субұрқақта кеше үш адамды тоқ соқты. Осыған байланысты әкімдік мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда ер адамның құлдықта болғаны туралы іс қарастырылып жатыр Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты Алмаз Шарман коронавирустың ең агрессивті нұсқасын атады

«Оқиға болған күні субұрқақ қалыпты режимде жұмыс істеген. Күннің бірінші жартысында кезекші техникалық маман бірнеше рет субұрқақ тостағын тазалап, жұмыс істеп тұрған субұрқақтың ішіндегі қондырмасын (ағындарды) реттеу бойынша жұмыс істеген, бұл аталған оқиға болғанға дейін субұрқақ жабдығының тұтастығы мен қауіпсіздігін растайды»,-деп хабарлады Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасынан .

Басқарма мәліметінше, субурқаққа тексеру жұмыстары жүргізілді.

«20 маусым күні Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы, ШЖҚ «Алматықалажарық» МКК және «Эко Алматы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен субұрқаққа барып, бірлескен тексеру және зерттеу жүргізілді. Оның барысында субұрқақ жабдығының жұмысындағы ақауды растайтын техникалық бұзушылықтар анықталмады»,- делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT