USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

2021 жылғы 27 қараша 17:03
Бөлісіңіз:
Алматыда су құбыры жарылып, топырақ көшкіні болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Медеу ауданында су құбырының жарылып, топырақ көшкіні болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Түркияның үш провинциясында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады Павлодарда мектеп оқушылары тұрғын үй терезесіне оқ атқан Түркістан облысында әжетханаға құлап кеткен бала құтқарылды

«Бүгін таңғы сағат 09: 30-да «Көктөбе» шағынауданы Т.Бигелдинов көшесіндегі 35-үйдің жанында, көлемі 30 текше метр топырақ көшті. Нәтижесінде жол өтуіне кедергі туындап, 35-үйдің металл қоршауы зақымдалды. Дереу қауіпсіздік бекеттері қойылып, су құбыры бітелді, зардап шеккендер жоқ, жолды тазарту жұмыстары жүргізілді»,- деп хабарлады департаменттен.

Оқиға орнына ТЖД 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Қазселденқорғау» ММ 2 қызметкер, 1 бірлік техника, аудан әкімдігінен 5 қызметкер, 2 бірлік техника, «Алматы Тазалық» ЖШС 10 қызметкер, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Жалпы сырғымалар табиғи және техногендік сипаттағы түрлерге бөлінеді: Табиғи – топырақтың ылғалданып батпақтануына және техногендік сипаттағы -құбырлардың ақаулары, суды бақылаусыз пайдалану, беткейлерге жүктеме және тағы басқа себептерінен пайда болады.

Осыған байланысты сырғыма, топырақ көшкін қаупі бар учаскелерде тұрғын үйлер салу ұсынылмайды;

Үйлерді салу, жолдарды кесу, жоспарлау жұмыстары үшін таудың баурайын кесу ұсынылмайды;

Герметикалық емес септиктерді, дәретханаларды және т. б. пайдалануға тыйым салынады;

Тұрғын үй алаптарының иелеріне, бау-бақша және саяжай қоғамдарының басшыларына су құбыры және суару құбырларының жай-күйін ұдайы бақылап отыру ұсынылады;

Суармалы суды пайдалануды бақылаңыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT