Алматыда су басу қаупі бар учаскелер саны 4 есе төмендеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда су басу қаупі бар учаскелер саны 4 есе төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласы әкмідігінің мәліметінше, үш жыл бұрын ТЖД-нің есебінде нөсер жаңбыр жауған кезде су астында қалу қаупі бар 67 учаске тіркелген.

Бұл мәселені кешенді шешу үшін пәрменді шаралар қабылданды. Мәселен, 497 шақырым арық желілері салынды, 410 шақырым өзен арналары нығайтылды.

Нақтылы жүргізілген жұмыстардың арқасында 57 учаскенің су басып қалу қаупі жойылды, нөсер жаңбыр кезінде оларға еш зиян келген жоқ. Нәтижесінде қалада су астында қалу қаупі бар жерлер 4 есе төмендеді, яғни су басып қалуы мүмкін учаскелер 67-ден 17-ге дейін азайды.


Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша су басып қалу алгоритмі қайта жасалды, нөсер жаңбыр болжамы бойынша қолда бар күштер мен мүмкіндіктер қауіпті учаскелерге жұмылдырылды. Қолданылған жедел шаралар мұндай қауіпті аймақтардың санын 7 есеге дейін төмендетті.

Су басып қалуы мүмкін 17 учаске бойынша жүйелі жұмыстар жүруде, жауын кәріздері, арық желілері салынып жатыр.


Соңғы жаңалықтар