Алматыда су басқан тұстарда коммуналдық қызмет жұмыс істеп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда толассыз жауған жауыннан көшелерді су басты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Су астында қалған көшелердегі көріністі тұрғындар суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялап жатыр.

Ағын су арықтан асып тротуарларға жайылып кеткен. Әсіресе көпірлердің асты мен сайларда су тізеге жетіп қалады.



Алматы қаласының азаматтық қорғау қызметінің мәліметінше, су басып қалуы мүмкін учаскелерге инертті материалдар мен арнайы техника жіберілді.

Таңғы сағат 10:00-дегі ақпарат бойынша мына мекенжайларды су басты:

Медеу ауданы - Электр қуатының болмауына байланысты әл-Фараби мен Назарбаев даңғылдарының қиылысындағы көпір астында сорғы сөніп, су жиналды. Қазіргі уақытта аудандық коммуналдық қызметтер сол жерде жұмыс істеп жатыр («Алматы тазалық», Алматы су, Құтқару қызметі 109,) 2 арнайы техника мен 6 мотосорғы іске қосылды. Сорғы станциясы да қосылған.


Алмалы ауданы – Су басқан С.Мұқанов көшесінде «Алматы тазалық» компаниясының қызметкерлері жұмыс істеп, жұмысты аяқтады. 30 қап инертті материал пайдаланылды.

Бостандық ауданы - Есеналиев көшесі 33-үйдің жертөлесіне су жиналды, су арық жүйесіне бұрылды, 40 қап қолданылды.

М.Әуезов ауданы - 9-ықшамаудандағы 51-үйдің жертөлесін су басты. «Алматы тазалық» қызметкерлері жұмыс жүргізді.

Түрксіб ауданында - «Қайрат 93» ықшамауданы бойынша ЖТҮ ауласын су басты, «Алматы тазалық» қызметкерлері жұмыс жүргізіп, аяқтады.

Алматыда кеше түнде басталған жаңбыр әлі де толассыз жауып тұр.


Соңғы жаңалықтар