Алматыда сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Бостандық ауданының сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы пара алғаны үшін сотталды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі мен қалалық Әділет департаментінің ішкі қауіпсіздік қызметі аумақтық сот актілерін орындау бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Н.Әділов сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп әшкереленген болатын.

Ол ЖШС директорынан мүлкіне тыйым салу шараларын қолданбағаны және сот актісін орындамау фактісі бойынша материалдарды ішкі істер органдарына жібермегені үшін 2 млн.теңге көлемінде пара алған.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Алматы қаласы Медеу аудандық № 2 сотының үкімімен А.Н.Әділов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 2 жыл 7 ай 15 күн бас бостандығынан және мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар